2016 жылы ЕАЭО-ға мүше елдердің алғашқы өңіраралық форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылы ЕАЭО-ға мүше елдердің алғашқы өңіраралық форумы өтеді

2016 жылы ЕАЭО-ға мүше елдердің алғашқы өңіраралық форумы өтеді

РФ Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өңірарарлық форумын құруды ұсынды, деп хабарлады РИА Новости. 

  • 3 Қараша 2015
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Ресей. Армения. Еуразиялық экономикалық одақ. Өңірлік ынтымақтастықтың жаңа перспективалары» атты төртінші ресейлік-армяндық өңірарарлық форумының ашылу барысында мәлімдеді.

 «Күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің өңіраралық форумы  қойылады деген үміттемін», — деді ол.

ФК спикері таяуда өткен екі елдің президенттерінің кездесуі барысында Владимир Путин «Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылып және басқа біздің интеграциялық құрылым — ҰҚШҰ-ға толық форматты қатысатын болғандықтан Ресей мен Армения арасындағы қатынастың ерекше сипаты»  болатынын   атап өтті.

ЕАЭО-ға мүшелік Ресей мен Арменияға міндетті түрде іске асырылуы тиіс үйлесімді жедел дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, деп атап өтті   В.Матвиенко.


«Таяу келешекте біздің ел өңірлерінде көп жақты форматта ынтымақтастықты қалыптастыру үшін жаңа алаң пайда болады. Ол 2016 жылдың екінші жартысында өтетін ТМД  елдері өңірлерінің алғашқы форумы», — деген Матвиенко сөзін келтірді  rusplt.ru. порталы.

Еске салсақ, қазіргі уақытта ЕАЭО құрамында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей бар.