2016 жылы ЭКСПО нысандарын салу бойынша жұмыстарды толық аяқтау жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылы ЭКСПО нысандарын салу бойынша жұмыстарды толық аяқтау жоспарланып отыр

2016 жылы ЭКСПО нысандарын салу бойынша жұмыстарды толық аяқтау жоспарланып отыр

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасы Ахметжан Есімов елорда әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста

  • 22 Қазан 2015
  • 485
Фото - Caravan.kz

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу шараларын талқылады.

Жиналыс барысында «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы мен елорда әкімдігі тарапынан дайындық шараларының негізгі тұстары туралы баяндамалар тындалды, деп хабарлайды astana.kz.

Атап өту керек, тараптар арасында 50 іс-шараны өткізуді көздейтін 2018 жылға дейінгі жұмыс Жоспары әзірленген, сонымен қатар, қаланың барлық қызметтері мен ұлттық компанияның бірлесе жұмыс атқаруына түрткі болып отырған серіктестік Меморандумы жүзеге асырылуда. Жиында ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында, бірінші кезектегі мәселелерге назар аудара отырып, ортақ жұмыс жоспарын жандандыру тапсырылды.

«Бізді үлкен де жауапкершілікті жұмыс күтіп тұр. Ұлттық компания мен елорда әкімдігінің қызметтері өз жұмыстарын бір арнаға тоғыстыруы керек. Алдымызда ортақ мақсаттар тұр, олардың орындалуы үшін біз бір ұжым ретінде жұмыс істеуіміз керек», — деді елорда әкімі.

Көрмені өткізу және оған дайындық шаралары мен бағыттары әкімдік үшін де, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы үшін де ортақ болуы керек. Құрылыс жұмыстарының кестесіне сай 2016 жылы ЭКСПО нысандарын салу бойынша жұмыстар толық аяқталуы тиіс. Астана әкімдігі көрмеге дайындық аясында қаланың инфрақұрылымы мен елордалық сервис сапасын жақсарту, сондай-ақ, ақпараттық жұмыс пен шет елдерден қонақтарды тарту бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. ЭКСПО кезінде өткізілетін шаралар легіне ерекше көңіл бөлінуде. Көрме өтетін күндері елордада әлем астаналары күні, фестивальдер, концерттік бағдарламалар, халықаралық жарыстар, спорттық шаралар мен бизнес-форумдар өткізу көзделген. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету сұрақтары да назардан тыс қалмауда.

Логистика мәселесі де ерекше маңызға ие. Қазіргі уақытта халықаралық әуежай терминалын кеңейту, темір жол вокзалы мен жеңіл рельсті көлік жолақтарын салу секілді бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл ретте елорда қонақтары үшін навигация жүйесі де жақсартылады.


Қазанның 31-і күні Миланда ЭКСПО-2015 халықаралық мамандандырылған көрмесі өз жұмысын аяқтап, Астанада ЭКСПО-2017 туын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтеді. «Сол мезеттен бастап біздің көрмеге басым назар аударылады», — деді Ахметжан Есімов. «Барлық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері тартылған ЭКСПО-2017 жобасының ауқымдылығына қарамастан, барлық ауыртпалық ұлттық компания мен елорда әкімдігіне түсуде. Бізде көрменің дұрыс өту үшін өзара түсіністік пен серіктестіктің болғаны өте маңызды», — деді жиын барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасы.