2017 жылдан бастап фильтрлі сигареттердің ең төмен бөлшек бағасы 300 теңге болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2017 жылдан бастап фильтрлі сигареттердің ең төмен бөлшек бағасы 300 теңге болмақ

2017 жылдан бастап фильтрлі сигареттердің ең төмен бөлшек бағасы 300 теңге болмақ

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап фильтрлі сигареттердің ең төмен бөлшек бағасы үш жүз теңге болмақ. Бұл туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев қол қойған Қазақстан Республикасы Үкіметінің №573 қаулысында айтылған.

  • 8 Қазан 2016
  • 989
Фото - Caravan.kz

«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысында:

«1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


«1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке:

1) 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін — екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі» делінген.