2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болады

2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болады

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пен "Эйр Астана" 2017 жылдың соңына дейін жаңа әуе компаниясын құрады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 2 Тамыз 2017
  • 191
Фото - Caravan.kz


"Бізде Қазақстанда бүгінге дейін жүк таситын әуе компания болған емес. Міне, бүгін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пен "Эйр Астана" осындай компанияны құрады. Жаңа компания биыл құрылады. Қазіргі уақытта "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ осы бағытта жұмыс істейтін серіктесті іздестіріп жатыр.  Сондай-ақ, осы компанияны құрып, жұмысты бастау үшін онда екі әуе кемесін тарту жоспарланып отыр", — деді Алик Айдарбаев үкіметте өткен брифинг барысында.

"Компания жүк тасымалы нарығында лайықты орын алады деп болжап отырмыз. Себебі бүгінде жүк тасымалымен тек шетелдік компаниялар айналысады. Стратегия отандық жүк тасымалдау нарығын дамытуға бағытталған. Көлік инфраструктурасына айтарлықтай инвестиция құйылып жатыр. Жолдар, теміржолдар дамып жатқанда логистикалық орталықтарға, тасымалдаумен айналысатын компанияларға да даму керек", — деді ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев
 

Соңғы жаңалықтар