2017 жылы 81 отандық телехикая түсіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2017 жылы 81 отандық телехикая түсіріледі

2017 жылы 81 отандық телехикая түсіріледі

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 2017 жылы «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының базасында 81 отандық телехикая мен 17 деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.

  • 15 Қыркүйек 2016
  • 416
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР АКМ жауапты хатшысы Жанат Қожахметов баяндады, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгін ҚР Мәжілісінде Қаржы және бюджет жөніндегі комитет отырысы өтті. Онда 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттің заң жобасы қаралды. Мәжіліске жиналған депутаттар қазақстандық телеарналардан көрсетілетін шетелдік контенттің көптігіне наразылық білдірді.

«Қазақстандық телеарналар біздің болмысымызға сай келмейтін шетелдік бағдарламаларды жиі көрсетеді. Сонымен бірге, өзге елдің тедехикаялары тұрғындар арасында кері пікір тудырып отыр. Неге отандық телехикаялар аз?», — деген сауалды Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Фахриддин Қаратаев ҚР АКМ өкілдеріне қойды.

Министрліктің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов мұндай мәселенің бар екендігімен келісті және бұл олқылықтың орнын толтыру үшін атқарылып жатқан белсенді жұмыс туралы баяндады.


«Расымен де, отандық телехикаяларға қатысты мұндай проблема бар. Қазір министрлік бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр. Жоспардағы заң жобасында шетелдік телеарналардан келетін түрлі өнімге шектеу қою қарастырылған. Ал қаржы жағына келетін болсақ, 2017 жылға арналған бюджетте «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарының базасында 81 отандық телехикая мен 17 деректі фильм түсіру қарастырылған», — дейді жауапты хатшы.

Соңғы жаңалықтар