Жарияланды: 610

2017 жылы елімізде онлайн-университет ашылады

2017 жылы елімізде онлайн-университет ашылады

2017 жылы қазақ тіліндегі тұңғыш отандық онлайн-университет ашылады, - деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Алматыдағы WikiBilim қоғамдық қорының өкілдері айтты. Айта кетейік, онлайн-университеттің жобасы Гарвард университетінің негізінде жасалған. Бұл жоба сайт түрінде болады. Сайт қазақстандық профессорлардың оқыған видеодәрістерімен қамтылатын болады. Бұл білім беру жүйесінің артықшылығы - кез келген адам дәрістерді тегін тыңдап, көре алады.

"Сайтымызда жарияланатын бірінші видеодәрістер телекоммуникация, бизнес және ақпараттық технологиялар саласын қамтиды. Себебі мұндай тақырыптардағы дәрістер қазір үлкен сұранысқа ие. Уақыт өте келе дәрістердің тақырыптарын кеңейтетін боламыз", - деді "Wikibilim" қоғамдық қорының президенті Нұрбек Мәтжани.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін