2017 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседi – вице-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2017 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседi – вице-министр

2017 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседi – вице-министр

Бүгiн Мәжiлiсте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау барысында ке

  • 11 Қазан 2016
  • 6358
Фото - Caravan.kz

Бүгiн Мәжiлiсте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау барысында келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақының мөлшерi қанша болатыны белгiлi болды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Шығыстардың негiзгi бөлiгi әлеуметтiк-еңбек саласына бағытталған. Оның 1 трлн 998 млрд теңгесi – әлеуметтiк төлемдер, яғни зейнетақы мен әр түрлi жәрдемақылар. 2017 жылы зейнетақы мөлшерi 9 пайызға артады. Осының негiзiнде базалық зейнетақының мөлшерi 12 802 теңгенi құрайды. Базалық зейнетақы мен негiзгi зейнетақыны қосқан кезде оның мөлшерi 60 мың 167 теңге болады. Барлық әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi 2017 жылдың бiрiншi қаңтарынан 7 пайызға артады», – деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму вице-министрi Бiржан Нұрымбетов.+

Стратегиялық жоспарды орындау үшiн 2017 жылға 3 трлн 104 млрд теңге жұмсау көзделiп отыр, оның 3 трлн 47 млрд теңгесi – қазір орындалып жатқан бағдарламалар, 57 млрд теңгесi – даму бюджетi.


2018 жылға 3 трлн 457 млрд теңге, 2019 жылға 3 трлн 947 млрд теңге қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар