2018 жылғы мерекелік күндер күнтізбесі жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2018 жылғы мерекелік күндер күнтізбесі жарияланды

2018 жылғы мерекелік күндер күнтізбесі жарияланды

Қазақстандағы 2018 жылғы мерекелік күндер күнтізбесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күнтізбе eGov  порталында пайда болды.

  • 5 Қаңтар 2018
  • 1073
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін де  қазақстандықтар 2018 жылы қанша күн демалатыны хабарланған болатын. 

Қазақстан Республикасындағы атап өтілетін мереке күндері: ұлттық мереке:

16-17 — желтоқсан — Тәуелсіздік күні; мемлекеттік мерекелер:

1-2 қаңтар — Жаңа жыл;

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз — Наурыз мейрамы;

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр — Отан қорғаушы күні;

9 мамыр — Жеңіс күні;

6 шілде — Астана күні;

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.


Осыған орай, 2018 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде Заңның нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды:

бес күндікте:

1 қаңтардан 3 қаңтарға;

16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға.

алты күндікте:

16 желтоқсаннан 18 желтоқсанға.

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар — православиелік Рождество демалыс күндері болып саналады.

2018 жылы Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді.
 

Соңғы жаңалықтар