2020 жылға дейiн 16 жол учаскесiнде ақылы жүйе енгiзiледi - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылға дейiн 16 жол учаскесiнде ақылы жүйе енгiзiледi

2020 жылға дейiн 16 жол учаскесiнде ақылы жүйе енгiзiледi

2020 жылға дейін төлемақы алу жүйесін 16 жол учаскесiнде енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкiмет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңiс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

  • 31 Қазан 2017
  • 195
Фото - Caravan.kz


«Қазiргi таңда автожолдарды пайдалану үшін қаражат жинақтау жүйесiн автоматтандыру бойынша техникалық шешімдер Кешені құрылу үстiнде. Өздерiңiзге белгілі, аталған жүйе 2013 жылдан бері Астана-Щучье учаскесінде ойдағыдай қызмет етiп жатыр. Одан жыл сайын 1,2 млрд теңге қаржы жинақталады, бұл қаражат аталған жолды күтіп-ұстауға кететін барлық шығындарды өтейді. Биыл жылына 3,9 млрд теңге жинақталатын, жалпы ұзақтығы 469 км-дi құрайтын Алматы-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас учаскелерінде төлемақы алу жүйесін енгізу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, жалпы ұзақтығы 5,5 мың км-дi құрайтын 13 учаскеде төлемақы алу жүйесін жобалау бойынша жұмыстар аяқталып қалды. Жалпы, 2020 жылға дейін төлемақы алу жүйесін 16 учаскеде енгізу жоспарланып отыр», — дедi Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар