2020 жылға дейін Алматы облысында апортты түлетуге ерекше мән беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2020 жылға дейін Алматы облысында апортты түлетуге ерекше мән беріледі

2020 жылға дейін Алматы облысында апортты түлетуге ерекше мән беріледі

2020 жылға дейін Алматы облысында апортты түлету бағытында жұмыстар атқарылады.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 576
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде алма бақтарын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде екі мың гектар аумақта апорт алма бақтары өнім беруде. Бұл бағытта тиісті көмек жүргізілуде, яғни бақтарды түлетуге 353 млн. теңге субсидия бөлінді», — деді өңір әкімі.
Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылға дейін апорт бақтарының аумағын 3,1 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
«Жалпы, Қазақстанды өзіміздің алмамен қамтамасыз етуді және экспортқа жұмыс істеуді көздеп отырмыз», — деді А.Баталов.
Осы орайда әкім алдағы жылы Панфилов және Ұйғыр аудандарында бау-бақша шаруашылығын дамыту бағытында жаңа егістерді ұлғайту қарастырылып отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар