Жарияланды: 400

2020 жылы еліміздегі қала тұрғындарының 100 пайызы, ауыл тұрғындарының 80 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

2020 жылы Қазақстан қалаларының тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Ал ауыл тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігі 80 пайызды құрамақ.

Бұл туралы бүгін Израиль делегациясымен кездесуі барысында Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Болат Жылқышиев мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда елде «Ауыз су» бағдарламасына көп көңіл бөлінуде. «Бұл бағдарлама бізде 2004-2010 жылдар аралығында жүзеге асырылып, 180 миллиардтан астам қаржы жұмсалды. Ал қазір елімізде аталмыш бағдарламаның екінші кезеңін бастау көзделіп отыр. Кеңес Одағы тарағаннан кейін елдегі көптеген су желілері ескіріп, құрыды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары оларды жөндеуге мемлекеттің шамасы жетпеді. Ал қазір осы мәселелерді шешудің мүмкіндігі туып тұр»,-деді сенатор.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть