Жарияланды: 65300

2020 жылы қыз балаға қойылатын есімдер

2020 жылы қыз балаға қойылатын есімдер

Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады.

Әр жаңа жыл сайын жаңа туған нәрестеге жаңа, ерекше есім қоюға талпынады.

Сол себепті Caravan.kz медиа-порталы биылғы 2020 жылға қыз балаға қойылатын ерекше есімдерді анықтап көрді.

Сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін немесе айқайлап тұрған есімдерден аулақ болған жөн.

Есім адамның тағдырына, болмысына әсер ете ме деген сауал төңірегінде ғалымдар XX ғасырдан бері зерттеулер жүргізіп келеді. Соның негізінде адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болған. Ғалымдардың зерттеуінше адам аты оның өміріне айтарлықтай әсер етеді екен, баланы неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, тұла-бойы да соған сәйкес көркемделе түседі.

Ендеше сіздерге қыз балаға қойылатын есімдер тізімін ұсынамыз.

Аймира - жана есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.

Айла  — ай секілді сұлу, аймен нұрланған.

Айбала — ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.

Айбарша — қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.

Айғанша — қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.

Айғыз — айдай сұлу, көркем қыз бала.

Айдай — айдай сұлу, көркем..

Айдария — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған дәриа, теңіз, үлкен өзен.

Айжан — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған жан, айдай сұлу, әдемі.

Айжарық — ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.

Айжас — ай және жас, қазақ сөдерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.

Айзада — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.

Айзере — қазақ тілінен алынған ай және зере парсы тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.

Айзиба — қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зиба – сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.

Айзия — қазақтың сөзі ай және зия – араб тілінен алынған, зийна – жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.

Айнаша — айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.

Айкүміс — қазақтың сөзі ай және күміс – сұлу, әдемі, көркем..

Айсүгір— қазақ есімі. ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім..

Айтан — қазақ сөздернен біріккен ай + тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай.

Айтас — ай + тас қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала өмірі ай сияқты жарқын және тас сияқты мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.

Айтолды — бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.

Айтуар — қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған.

Айшолпан — ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.

Айшуақ — ай сияқты сәулелі, жарық, көңілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.

Айшық — туған ай бейнесіндегі өрнек, сән.

Айымгүл — менің ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.

Айымжан — айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.

Айымша — ай сияқты жарық, ашық деген мағынада қойылған есім.

Ақай — қазақ ақ және ай деген екі сөзден бірігіп жасалған есім. Ата-ана баласын айдай аппақ, таза, кіршіксіз, адал болсын деп ырмандап қойған есім.

Ақайша — аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.

Ақару — жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.

Ақбала — сұлу, әдемі қыз бала.

Ақбәтес — ақ және бәтес сөзінен қойылған қыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.

Ақбота — бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.

Ақжан — қазақ есімі адал, таза адам, ак көңіл жан. Ақмұқан, Ақжол, Ақтанлақ сияқты есімдердің еркелете айту түрі.

Ақжібек — Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған қыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.

Ақмарал — бұл есім сұлу аңды қасиет тұтумен байланысты қойылған.

Ақнәзік — нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.

Ақтілек — бала бақытты болсын, ата-ананың ақ ниет, тілегі орындалсын, деген мақсатпен қойылған есім.

Ақтоқты — төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.

Алма — қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.

Арай — қазақ есімі, таң шапағы, шұғылалы сәуле.

Арайша — арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.

Ардақ — құрмет, қадір.

Арна — бір адамға бағыштау, арнайы қою.

Ару — сұлу, көркем.

Әдемі — қазақтың сөзі көркем, әсем.

Әйгерім — әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне таңданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.

Әлемгүл — әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.

Әсем — сән, көрік, әдемі.

Әсемгүл — гүл сияқты әдемі, көрікті, сұлу.

Әсемқан — әсем және ханым, ханша сөздерінен жасалған есім, яғни сұлу ханым.

Әшекей — әдемі ою, өрнек, нақыш.

Балғаным — сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым. Түрі – балғын.алауса — өндірдей жас.

Балбала — балдай тәтті бала деген мәнді есім; араб тілінен бал – парасат, ақыл, ес, зерде, яғни ақылды, есті бала.

Балгүл — балдай, шырынды гүл; яғни ата-ананың ең сүйікті, балдай тәтті баласы болсын деген мағынада қойылған есім.

Балдай — ата-анасына балдай тәтті, қымбат болсын деп қойылған есім.

Балжан — балдай тәтті әрі ақылды болсын деп қойылған есім.

Балқадиша — ақылды Қадиша.

Балқы — елжіреу, насаттану. біріккен тұлғалы түрі — балқыбек.

Балшекер — бал мен шекердей болсын деген тілекпен қойылған есім.

Балым — менің балым, ақылдым, қымбаттым. Балғаным деген есімнің еркелете қысқартып айту түрі.

Баржақсы — барлығы ойдағыдай, көнілдегідей деген мағынаны білдіреді.

Баянсұлу — ғашықтық жырдағы ақылды да сұлу қыздың есімі.

Бейбітгүл — бала бейбіт өмірдің гүлі, қуанышы болсын деп қойылған есім.

Бексұлу — тым сұлу, аса көрікті.

Беласыл — ең қымбат, нағыз мықты таяныш, сүйеніш деген мәндегі есім.

Белберді — бел + берді, өмірге таяныш, сүйеніш берді, ер бала берді деген мәндегі есім.

Бибіханым — ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.

Биғалым — қазақ тілінен алынған би – үлкен + араб тілінен алынған ғалым.

Гүлжеңіс — жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.

Дәмелі — үмітті, үміткер.

Демесін — баланың өмірде тірегі, жәрдемшісі болсын деген тілекпен қойылған.

Еркежан — ерке боп өссін деп қойылған есім. Түрі – Жанерке.

Жайна — гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.

Жайнақ — ашық-жарқын, жайдары.

Жанар — көздін жанары; күннің шапағы; ауыспалы мағынасы көрік, ажар, рең.

Жанат — ең асыл, көркем, керемет, рахат.

Жансұлу — жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.

Жарық — сәуле, нұр.

Жас — уылжыған балғын, сәби.

Жібек — мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.

Жұлдызай — жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.

Жұпар — хош иіс.

Інжү — теңіз астынан алынатын түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара әдемі седепті тастар; Маржан.

Келбет — көрік, ажар, әр, тұлға.

Көрік — әдемі, сұлу келбет, әдемілік.

Көркемжан — бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

Күлай — гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.

Күлайхан — гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі – Күлән.

Күміс — қымбат бағалы ақ металл. Біріккен тұлғалы есімдер — Күмісбек, Күмісбай.

Күмісай — қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

Күнай — күн мен айдай болсын деп қойылған есім.

Күнжамал — күндей сұлу, көркем. Еркелетіп айтылған тұлғасы — Күнке.

Күнсұлу — күндей сұлу, әдемі.

Құндыз — терісі бағалы аң. Бала құндыздай әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған.

Құралай — киіктің лағы; уақыт мезгілі (15—20 мамыр арасы). Әдемі, қара көзді құралай көз деген теңеу де бар.

Қызғалдақ — қырмызы қызыл гүл атынан қойылған есім.

Қымбат — аса бағалы, құнды, нарқы артық.

Қырмызы — шымқай қызыл, алқызыл, қызыл жібек; нұрлы, әрлі.

Лашын — алғыр, қыран құс, сұңқар.

Мерей — бақыт, қуаныш.

Мира — жаңа есім – бейбіт, тыныштық өмір.

Нәрзән, нарзан — минералды қайнар бұлақ Нарзан атауымен қыз баланы ашық, таза, адал ойымен өссін деген мағынаны білдіреді.

Өрзия —асқан сұлу, адемі қыз.

Өрім — жас өспірім, өндірдей жас жеткіншек.

Сарын — қатты дыбыс, үн; қатты ағын үні, екпін.

Сезім — жаңа есім, достық, адалдық, махаббат сезімдер балаға серік болсын деген қойылған есім.

Сағида - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты.

Сағира - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.

Сағида - араб тілінен алынған — сагийе — қыз бала.

Садида - араб тілінен - нағыз, дұрыс, пайдалы; лайықты.

Сайда - араб тілінен алынған сейид , саид — мырза, бастық, әкім; құрметті.

Сайлаугүл - сайлау күні туған қыз бала.

Сайра - араб тілінен алынған сайера — жұлдыздар, яки жұлдызы жарқырап туған қыз.

Сақып - араб тілінен алынған сахиб — серік, жолдас, дос; таныс.

Сақыпжамал - араб тілінен алынған - сұлу, көркем, әдемі. Сұлулық серігі деген мағынада.

Самал - араб тілінен алынған — сұлтандық, патшалық; мақтаныш, абырой, тәкаппарлық, байлық; әсемдік, асқан әдемілік, сән-салтанат.

Сандуғаш - көне түркі тілінен сандувач — бұл-бұл.

Сара - иран тілінен алынған — ең таңдаулы, ең салы, аса жақсы; араб тілінен — ханым, әйел; көне еврей тілінен сарра — атақты, данқты, ақсүйек.

Сария - араб тілінен алынған сари — атақты, асыл, мейірімді.

Сафура - араб тілінен — шыдамды, төзімді, мықты.

Сәбиғп - араб тілінен алынған сәбәхат — Көркем, сұлу қыз.

Сәбилә - араб тілінен — жол, сапар.

Сәбира - арабә тілінен алынған сабир — төзімді, шыдамды, бекем, сабырлы.

Сәжида - араб тілінен - ибадат қылушы.

Сәлима - араб тілінен алынған салим — сау, бүтін, толық, аман-есен; нағыз, тыныш; қарапайым, шынайы, әділ.

Сәния - араб тілінен алынған — екінші бала (сан жағынан үйдегі екінші туған бала).

Сәнәмай - қыз бала көркем, әдемі, әсем де сұлу болсын деп қойылған есім.

Сәпина - араб тілінен — үлкен қойма, қазына.

Сәруәр – иран тілінен — басшы, бастық, жетекші.

Сүйін — ырза болу, сүйіну, көңіл толу.

Сұлу — өте әдемі, аса көркем.

Сұлуке сұлу — ақ, әдемі-ақ, көркем.

Сұлухан — аса көркем, өте әдемі ханым.

Сұлушаш — әдемі қолаң қара шаш. Түрі — Гүлшаш.

Талшын — ағаштың бір түрі. әдемі, әдемі түс деген мағынасын білдіреді.

Тамаша — көріністік, ерекше, өте әдемі қыз болсын деп қойылған есім.

Таңсық — құмар, әуес; сирек зат.

Таңшолпан — таң жұлдызы, жарық жұлдыз.

Тәттібала — сүйікті, сүйкімді қыз бала.

Толғанай — толған айдай аппақ сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.

Толқын — теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.

Ұлпа — қазақ— жапырақтап мамыр айында жауған жұмсақ, аппақ ақ қар. Пәктіктің, ақтықтың, тазалыктық символы.

Шамжан — шамша жарқыраған, ашық жүзді, ақ жарқын адам.

Шапақ — таңғы жарық.

Шара — қазақ есімі — көздің ұясы, ойдымы, көздің аумақ көлемі; амал, әдіс, айла.

Шаттық — қуаныш, көңілділік.

Шұға — биязы, жұмсақ мата.

Шолпан — қазақ тілінен алынған таңғы жарық жұлдыз.

 


Шұға — биязы, жұмсақ мата.

Шынар — қазақ тілінен алынған — биік, тау терегі, шынар ағашы; жадырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы колжетпес биік, асқақ.

Шынаргүл — шынар ағаш гүлі сияқгы әдемі, сұлу.

Шырайгүл — гүлдей көрікті, әдемі сұлу қыз.

Ырысты — бақытты, құтты.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін