2021 жылдан бастап ата-ана қажет азық-түлікті өзі таңдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2021 жылдан бастап ата-ана қажет азық-түлікті өзі таңдайды

2021 жылдан бастап ата-ана қажет азық-түлікті өзі таңдайды

Үкіметтен арнайы бөлінген кепілдендірілген әлеуметтік себеттің алғашқы кезеңі ақпан айынан бастап беріле бастады.

  • 28 Мамыр 2020
  • 99
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік көмек 103 мың отбасындағы 125 мың балаға тағайындалған. Аталмыш көмекті жеткізуде мін болмағанымен, себеттегі азық-түлікке көптің көңілі толмайды. Өйткені, себеттің сапасында кемшілік бар дейді көпшілік. Аналардың өкпе-назы немен байланысты?

Бұл сұраққа жауапты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің аға сарапшысы Ержігіт Балқыбеков Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасының эфирінде жауап берді.

«Инфляцияны ескере отырып, өзгерістер енгіземіз. Кейбір тағамдарды алып тастаймыз, басқа тағамдарды қосамыз. Оған қоса айта кету керек, 2021 жылдан бастап әлеуметтік көмекті ауыстыратын боламыз. Әр отбасы, әр ата-ана  порталға кіріп, өз жеткізушісін, тауардың түрлерін таңдай алады. Қазпошта арқылы үйіне жеткізіледі немесе сауда орталықтарынан алып кетсе болады. 2021 жылдан бастап портал енгіземіз, биыл құрамын өзгертеміз», — деді бағдарлама спикері.


Соңғы жаңалықтар