2024 жылдан бастап интернет платформада жұмыс істейтін таксистер мен курьерлер 4% салық төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2024 жылдан бастап интернет платформада жұмыс істейтін таксистер мен курьерлер 4% салық төлейді

2024 жылдан бастап интернет платформада жұмыс істейтін таксистер мен курьерлер 4% салық төлейді

2024 жылдан интернет платформа арқылы жұмыс істейтін адамдар 4 пайыз салық төлейді.

  • 27 Маусым 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медита порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  

«Әлеуметтік кодекс аясында интернет платформа арқылы еңбек ететін адамдардың жұмысын реттеу көзделіп отыр. Бұл реттеу қалай жүргізіледі?», — сұрады Премьер-Министр Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында министрден.

«Біріншіден, интернет платформаға тіркелген сәттен бастап барлық азамат тәуелсіз қызметкер санатына енгізіледі. Яғни, басқа мемлекеттік органдарға қайтадан тіркелудің қажеті жоқ. Екіншіден, онлайн платформалар сол азаматтар үшін салық төлейтін агент саналады. Бұл жөнінде қазір Қаржы министрлігі пилот түрінде Яндекс таксимен жұмыс бастады. Ал 2024 жылдан бастап олар төлейтін салығы 4 пайыз мөлшерінде болады. Бұл өзгеріс жаңа Салық кодексіне енгізіледі», — деді Тамара Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар