2024 жылғы қажылық кезінде қайтыс болғандарға қатысты ресми мәлімет жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2024 жылғы қажылық кезінде қайтыс болғандарға қатысты ресми мәлімет жарияланды

2024 жылғы қажылық кезінде қайтыс болғандарға қатысты ресми мәлімет жарияланды

Биыл Сауд Арабиясында қажылық кезінде 1000-нан астам адам қайтыс болды

  • 23 Маусым
  • 11
Сурет: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шөлейтті елдегі қасиетті орындарда өте жоғары температура тіркеліп, бұл діндарлардың денсаулығына кері әсер еткен, деп жазады Associated Press халықаралық ақпарат агенттігі 23 маусымда, жексенбіде Сауд Арабиясы шенеуніктерінің жариялаған мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Каир шенеуніктерінің айтуынша, қаза тапқандардың жартысынан көбі — Мысыр елінен келгенгендер. Ел билігі арнайы рұқсаты жоқ қажыларды Сауд Арабиясына жетуіне көмектескен 16 туристік агенттіктің лицензиясын қайтарып алды.

Сауд Арабиясы дені сау мұсылманнан өмірінде кем дегенде бір рет талап етілетін қажылық кезіндегі кісі өліміне қатысты әлі ресми түсініктеме берген жоқ. Мысыр Үкіметі биыл қажылық кезінде созылмалы ауруларына байланысты 31 уәкілетті қажының қайтыс болғанын жариялады, бірақ басқа қажыларға қатысты ресми мәліметтер таратпады.

Алайда, Министрлер кабинетінің өкілі қажылық кезінде кем дегенде 630 мысырлықтың қайтыс болғанын хабарлады, олардың көпшілігі Меккедегі әл-Муайсем ауданындағы жедел жәрдем кешенінде болған. Осы деректерді растай отырып, Мысыр дипломаттары қаза тапқандардың көпшілігі Сауд Арабиясында жерленгенін хабарлады.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, қайтыс болғандардың арасында Индонезиядан 165, Үндістаннан 98, Иордания, Тунис, Марокко, Алжир және Малайзиядан тағы да ондаған қажылар болған. Сондай-ақ екі америкалық азаматтың қайтыс болғаны туралы ақпарат бар.