,Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – демалыс:
- бес күндік жұмыс аптасы үшін – үш күн қатарынан демалыс: 8, 9 және 10 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
- алты күндік жұмыс аптасы үшін – екі күн қатарынан: 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі).
Наурыз мерекесіне арналған демалыс күндері:
- бес күндік жұмыс аптасы үшін – бес күн қатарынан: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
- алты күндік жұмыс аптасы үшін – төрт күн қатарынан: 21, 22, 23 және 24 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі).
Жалпы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін 8 күн мереке болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында істейтіндер 6 күн демалады.