Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет отырысы барысында Қарабаев бюджет жүктемесін азайту және жолдардың өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету мақсатында қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде ақылы жол жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасатынын атап өтті.
«Қазіргі уақытта елімізде 3 мың 200 шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істеп тұр. 2024 жылы бұл жүйеден түскен кіріс 48 миллиард теңге болды. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы жол іске қосылады, олардың кірісі 60 миллиард теңгеге жетеді, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 100 миллиард теңгеге дейін өсуі мүмкін», – деді ол.
Сонымен қатар, министр ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге бағыттау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.