"21 наурызда қалада локдаун жарияланады" Нұр-Сұлтан әкімі елордалықтарға үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"21 наурызда қалада локдаун жарияланады" Нұр-Сұлтан әкімі елордалықтарға үндеу жасады

"21 наурызда қалада локдаун жарияланады" Нұр-Сұлтан әкімі елордалықтарға үндеу жасады

Қазір елорда - қызыл аймақта. Бірқатар карантиндік қосымша шектеулер қойылды, деп атап өтті Алтай Көлгінов

  • 17 Наурыз 2021
  • 121
Фото - Caravan.kz

 Елорда әкімі Алтай Көлгінов алдағы локдаунға байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Тура бір жыл бұрын елімізде әлемдік пандемияға байланысты төтенше жағдай енгізілді. Қала аумағында блок-бекеттер орнатылып, "коменданттық сағат" жарияланды. Содан бері медицина қызметкерлері коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде келеді. Мемлекет жедел қабылдаған шаралардың арқасында індеттің таралу қаупін азайту мүмкін болды. Дегенмен, вирус әлі де бар.

Қазір елорда — қызыл аймақта. Бірқатар карантиндік қосымша шектеулер қойылды. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, тіркелген жағдайлардың өсуі — мереке алды және мереке күндері байқалады. Осы жексенбі — 21 наурызда қалада локдаун жарияланады. Барлық бұқаралық шараларға тыйым салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ештеңе де қауіп төндірмеу керек. Жағдайға немқұрайлы қарай алмаймыз, себебі індетке қайта шалдығу қаупі бар. Коронавирусты жеңіп шыққанның өзінде де денсаулықты күткен жөн.

Қиын кезеңнен ауызбіршілікпен өтуіміз керек. Инфекция жұқтырған адамдардың санының күрт өсуіне жол бермеуіміз керек. Коронавируспен күресудің тиімді әдістерінің бірі — вакцинация. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, санитария нормаларын сақтап қана қалыпты өмірге орала аламыз.",- деп жазды Көлгінов Instagram парақшасында.


 

Соңғы жаңалықтар