Олимпиада талантты, әрі қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған Елбасының «Ел Yмiтi» бастамасы аясында іске асуда. Олимпиаданың бас ұйымдастырушысы – «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры.
Ақпан айында бастама алған білім додасына республиканың 4266 ауыл мектебінің 5-6 сыныптағы 295 мың оқушысы қатысты. Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша екінші кезеңге 1685 ауыл мектебінен 5002 қатысушы іріктелді.
«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі 2020 жылғы 21 және 22 тамызда 19 Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қазақстандағы 34 облыс орталығының негізінде өтеді.
Ең жоғары нәтиже көрсеткен 1000 жеңімпаз дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білім алуға жолдама алады (Дарын, «Білім-инновация» лицейлері, Республикалық физика-математика мектептерінің бірінде білімін жалғастыруға мүмкіндік алады).
Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ақмола облысына қарасты ауыл мектептерінің оқушылары келіп тестілеуден өтеді.
Мектептің мекен-жайы: Хусейн бен Талал көшес, 19. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.
Басқа аймақтарда өткізілетін мекен-жай бойынша ақпарат қосымша ұсынылады.
Мерзімі: 21 тамыз 2020 жыл, басталуы сағат: 11.00-де.
Аккредитация: Жазира Асанова 8 778 788 76 47, zh.assanova@gmail.com
Өзіңізбен бірге жеке қорғану құралдардың болуы міндетті.