Әуелгіде олардың үйлену тойы туралы видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл туралы Рокна басылымы хабарлайды, деп жазды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, баланың ата-анасы сотқа шақырылған. Олардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері бойынша, қыз 11 жаста. Оның күйеуі 22 жаста екендігі айтылады. Әзірге жас жұбайларға кездесуге ғана уақыт беріледі және олар ерлі-зайыптылар ретінде бірден бірге тұрмайды.
Желідегілер аталмыш некені кішкентай балаға көрсетілген зорлық әрі қылмыс деп атады.