24 миллион теңгенің иесін бүкіл Қазақстан іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
24 миллион теңгенің иесін бүкіл Қазақстан іздеп жатыр

24 миллион теңгенің иесін бүкіл Қазақстан іздеп жатыр

"Сәтті Жұлдыз" лотереясын ұйымдастырушылар 24 миллион теңге ұтып алған қарағандылықты осымен үшінші күн іздеп жатыр.

  • 23 Қараша 2018
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Loto 6/49 ойынының арнайы тиражындағы мультимиллионер 21 қарашада анықталған болатын. Ұтыс сомасы — 24 564 426 теңге. Ұтыс "5 сан және бонус шары" санатында шықты. Миллионер сату нүктесінде қарасын әлі көрсетпеді. Жеңімпаздың Қарағанды қаласында Степной 4 шағынауданындағы "Алмаз" дүкенінде ұтыс тіккені белгілі болып отыр. Жеңімпаз әлі табылған жоқ.

Ұйымдастырушылар жеңімпаздан 8 800 080 520 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласуын сұрайды.


Сәтті билет сатқан сатушы да ұтыстан құр алақан емес. Ол "Сәтті Жұлдыздан" ұтыстың 1 пайызы көлемінде, яғни, 240 000 теңгені сүйінші ретінде алмақ.

Айта кетейік, Loto 6/49 ойыны 2018 жылдың 21 наурызында алғаш рет көрерменге жол тартты. Бұл лотерея әр сәрсенбі сайын өтеді. Қазіргі таңда "Сәтті Жұлдыз" лотереясы қазақстандықтарға 1 миллиардқа жуық ұтыс ақшасын төледі.
 

Соңғы жаңалықтар