Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Көкшетауда мәдениет үйінің ғимаратынан 25 адам эвакуацияланды. Оқиға бүгін сағат 10-55-те орын алған.
"Ақан сері көшесінің бойында орналасқан 3 қабатты "Көкшетау" мәдениет үйінің шатыры өртенді. Қазіргі уақытта мәдениет жұмыс істемейді, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан болатын. Өрт 10 шаршы метр аумақта орын алды. Төтенше жағдайлар департаменті оқиға барысында 25 адамды эвакуациялады", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Өрт сағат 11-22-де локализацияланды және 11-33-те сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт болған аумақта төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр.