25 елді жүріп өткен велосаяхатшылар елге оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
25 елді жүріп өткен велосаяхатшылар елге оралды

25 елді жүріп өткен велосаяхатшылар елге оралды

[wpcode id="1694287"] Қазақстандық велосаяхатшылар Талғат Жұмабеков пен Асқар Сызбаев 9 905 шақырымға созылған сапардан оралды, деп хаб

  • 22 Желтоқсан 2016
  • 914
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық велосаяхатшылар Талғат Жұмабеков пен Асқар Сызбаев 9 905 шақырымға созылған сапардан оралды, деп хабарлады 24.кз.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған велосаяхатта жігіттер Еуропаның 25 елінде болып, егемендік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін дәріптеді. 24 тамызда Атыраудан кәрі құрлыққа велосипедпен сапар шеккен әуесқой велоспортшылар үш жарым айға созылған саяхатты 10 желтоқсанда Барселонада аяқтады. Осы аралықта еліміздегі бірлік пен келісімді насихаттаған жерлестеріміз Қазақстанның интеграция туралы ұстанымын паш етіп, Еуразия жүрегіндегі еліміздің кешегі келбеті мен кемел келешегі жөнінде баяндады. Талғат Жұмабеков, велосаяхатшы: — Біздің велосаяхат әлі жалғасады. Жер шарындағы 140-тан астам елді аралап шығуға бел будық. Бірінші кезең аяқталды. Енді Америка мен Африканы және Азия құрлығына сапар шегуді жоспарлап отырмыз. Қазақстанның тыныштықты қалайтын бейбіт ел екенін әлем халқы білсе дейміз.