250-ден астам қазақстандық студент Ресейден автобуспен оралады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
250-ден астам қазақстандық студент Ресейден автобуспен оралады

250-ден астам қазақстандық студент Ресейден автобуспен оралады

Қазақстандық студенттер Ресейден автобуспен оралады. 250-ден астам жастар – Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі ЖОО студенттері. Бұл туралы Қазақстан Елшілігінен мәлім етті.

  • 22 Сәуiр 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

21 сәуір күні таңертең Мәскеудегі ҚР Елшілігі ғимаратының алдынан бес автобус жолға шыққан. Коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық рейстерге шектеу енгізілмей тұрып Ресейден шығып үлгермеген 250-ден астам қазақстандық студент елге оралады.

Автобусқа отырғызылмас бұрын барлығының дене қызуы өлшенген. Жол полициясы мен Ресейдегі Қазақстан Елшілігі қызметкерлерінің қатысуымен барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, автобустар қазақ-ресей шекарасына қарай бет алды. Одан өткеннен кейін Орск және Әлімбет өткізу бекеттерінде жастарды Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері күтіп алады. Барлығынан коронавирусқа тест алынатын болады, – делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар