«ТМД Атқару комитетінде (Минскіде) 2008 жылдың 25-26 ақпан күндері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әріқарай даму концепциясын жүзеге асыратын негізгі шаралар жоспары қарастырған құжаттар жобасын дайындаушы жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Атап айтқанда, жоспар Достастықтың қызмет ету механизмдері және оның ұйымдастырушылық тұрғыдан жетілдірілуі бойынша бірқатар құжаттар дайындауды қарастырады. Оның ішінде Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің, Экономикалық кеңестің Процедура ережесінің жаңа редакциясы, ТМД аясында қабылданатын құжаттардың дәрежесі туралы келісім, ТМД Жарғысына өзгерістер енгізу, ТМД төрағалығы туралы ережені дайындау бар.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жұмыс тобының құрамына қазірдің өзінде Әзербайжан Республикасынан, Армения Республикасынан, Беларусь Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, Қырғызстан Республикасынан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан өкілдер тағайындалған.
Баспасөз қызметінің хабарламасында, сонымен бірге, 16-17 қаңтар күндері өткен сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультацияларында жұмыс тобын құру қолдауға ие болғандығы атап көрсетілген. Бұл жерде жұмыс тобының құрамына тиісті өкілеттіктерге ие, әсіресе, Сыртқы істер министрліктірінің тиісті бөлімдерінің басшыларының деңгейіндегі өкілдерді тағайындау қажеттілігі атап көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті