ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық қорын қалпына келтіретін кәсіпорындары жыл сайын «Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқару, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 168,4 млн. дана құнды балық түрінің шабақтарын жасанды өсіріп, әрі қарай табиғи мекен ету ортасына жібереді.
Балық шабақтарын өсіру биотехнологиясына сәйкес құнды балық түрлерінің шабақтарын өсіру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.