Жарияланды: 300

26 тамызда Қазақстанда жел тұрып, солтүстікте күн күрт суытады

26 тамызда Қазақстанда жел тұрып, солтүстікте күн күрт суытады

Сәрсенбі, 26 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігі циклон ықпалында болып, атмосфералық ағындардың әсерінен күн күркіреп, жаңбыр жауады.

Сондай-ақ жел күшейіп, республиканың оңтүстік шығысы мен шығысында бұршақ түсуі мүмкін. Түнде елдің солтүстік бөлігінде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратынша, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрып, түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдыққа дейін күшейіп, бұршақ түсуі ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 1-3 градус суық болады.

Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталуда. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін