«28 панфиловшы» фильмі қазақ тіліне аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«28 панфиловшы» фильмі қазақ тіліне аударылды

«28 панфиловшы» фильмі қазақ тіліне аударылды

[wpcode id="1694287"] «Қазақфильм» киностудиясы «28 панфиловшы» фильмін Қазақстан бойынша прокаттауға дайын еке

  • 10 Қараша 2016
  • 688
Фото - Caravan.kz


«Қазақфильм» киностудиясы «28 панфиловшы» фильмін Қазақстан бойынша прокаттауға дайын екендігін хабарлайды. Фильм еліміздегі прокатқа 24 қараша күні қазақ және орыс тілдерінде шығатын болады. Фильмнің прокатын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жүзеге асырады. Бұл туралы 24.кз хабарлады.

«28 панфиловцев» (Санкт-Петербор) тәуелсіз студиясы және Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қатысуымен түсірілген фильмнің тұсаукесері 18 қараша күні Алматыда өтеді. Ресейдегі тұсаукесер рәсімі екі күн бұрын Дубосеково разъезінде болған шайқастың 75 жылдығына орай өткізіледі, ал фильмде көрініс тапқан Волоколамскінің өзінде 16 қарашада өтеді. Ал Ресей бойынша прокат та 24 қарашадан басталады. Фильмдегі оқиға 1941 жылдың күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдың 16 қарашасында генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясының 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістің танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеңес сарбаздарының ерлігіне арналған. Пікір қалдырыңыз

 

Соңғы жаңалықтар