Жарияланды: 590

28 қазан күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

28 қазан күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

28 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күшеюі күтіледі.

Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданыныда жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін