28 жыл іздеген апасын әлеуметтік желіден тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
28 жыл іздеген апасын әлеуметтік желіден тапты

28 жыл іздеген апасын әлеуметтік желіден тапты

Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында тұратын Жаңыл Ахметова 28 жыл көрмеген апасын тапты.Жаңылдың ұлы - облыстық «Орал өңірі» газетінің фототілшісі Темірболат Тоқмамбетовтің айтуынша, ол нағашы апасын іздеумен үш жылдан бері айналысқан.  

Жаңыл Зинединқызы 1955 жылғы болса, оның апасы Ырысты Ибрайқызы Нұғманова 1953 жылы дүниеге келген (олардың әкелері бөлек те, аналары бір). Соғыстан кейін олардың әке-шешесі отбасымен Орынборда, Татарстанда тұрған. Елге оралған кезде Ырысты Қазанда тұратын әжесінің (әкесінің анасы) қолында қалған. Содан елге 1986 жылы келіп кеткен, 1994 жылы хаты мен отбасылық суреті келген де, содан хабарсыз кеткен.

Сол Қазанда Ринат Вафинге тұрмысқа шығып, аты-жөні Елена Вафина болып өзгертілген. Олардың Айсұлу, Руслан деген ұл-қызы бар екен. «Апамызды жиырма жыл бұрын келген отбасылық суретімен әлеуметтік желіге салып, іздестірдік. Міне, «Мой город» порталы арқылы апамыз табылып отыр. Кеше апамызбен тілдесіп, қуанышымыз қойнына сыяр емес», деді Т.Тоқмамбетов.

  • 20 Маусым 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz