29 жастағы Олжас Ибраев Ақтөбе театрының басшысы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
29 жастағы Олжас Ибраев Ақтөбе театрының басшысы болды

29 жастағы Олжас Ибраев Ақтөбе театрының басшысы болды

Ақтөбе облысында бас театрға жаңа басшы тағайындалды.

  • 12 Қараша 2019
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл қызметке 29 жастағы Олжас Ибраев тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Тахауи Ахтанов атындағы драма театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа басшыны театр ұжымына Ақтөбе облысының мәдениет басқармасының басшысы Нұрхан Қадырбаев таныстырды.

Олжас Ибраев Қазақ ұлттық өнер университетінің "драма театры мен кино актері" мамандығы бойынша диплом алған. 2013 жылы "Жігіт сұлтаны-2013" республикалық телеконкурсының жеңімпазы.

"Хабар" арнасында Қазақстанның тарихи мұрасы туралы "Менің жерім" бағдарламасында тележүргізуші болып жұмыс істеді. Әр жылдары "Астана мюзикл" театрының труппасын, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық бөлімі мен халықаралық қатынастар және гастрольдер бөлімін басқарды, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ұлттық өнер факультетінің деканы болды. "Айжан", "Шекара" телехикаяларында және "Али" фильмінде басты рөлдерді ойнады.

Ақтөбе облыстық қазақ драма театры 1935 жылы халық ағарту комиссары Темірбек Жүргеновтің бастамасымен құрылған қазақ труппасының негізінде құрылды.


1993 жылы театрға белгілі жазушы және драматург Тахауи Ахтановтың есімі берілді. 
 

Соңғы жаңалықтар