30 елде маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы тіркелді - ДДСҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30 елде маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы тіркелді - ДДСҰ

30 елде маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы тіркелді - ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде маймыл шешегінің 550-ден аса жағдайы тіркелгенін айтты.

  • 2 Маусым 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мемлекет халықтың кең топтарын бақылауды күшейту керек екенін айтты. Ол маймыл шешегіне шалдығушымен тығыз физикалық қарым-қатынаста болған кез келген адам оны жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта ДДСҰ-на 30 елден 550-ден аса расталған жағдай туралы ақпарат келіп түсті", — делінген хабарламада.

ДДСҰ жағдайдың дамып келе жатқанына сенімді және маймыл шешегінің әлі көп жағдайлары тіркеледі деп санайды.

Еске салайық, бұған дейін ДДСҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырған болатын. Сонымен қатар, ұйым өкілі Африкадан тыс жерлерде маймыл шешек вирусына қарсы жаппай вакцина алудың қажеті жоқ деп санайтынын жеткізген еді.


ДДСҰ мәліметінше, әлемде аурудың 200-ге жуық расталған жағдайы тіркелген, бірақ іс жүзінде олардың саны едәуір көп болуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар