30 мыңдай қазақстандық Жаңа жылды шетелде қарсы алған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30 мыңдай қазақстандық Жаңа жылды шетелде қарсы алған

30 мыңдай қазақстандық Жаңа жылды шетелде қарсы алған

Биыл 30 мыңға жуық отандасымыз жаңа жылды жылы жақта қарсы алған.

  • 9 Қаңтар 2017
  • 446
Фото - Caravan.kz

Мамандардың айтуынша, саяхатшылардың көбі Араб Әмірліктері мен Таиланд, Хайнань және Вьетнам елдерін таңдаған. Сәйкесінше биыл Еуропаның көрікті қалаларын тамашалап немесе шаңғы теуіп қайтатындар қатары азайған. Мереке қарсаңында шетелге шығатын жолдама шарықтап, әуе билеттерінің бағасы әдеттегіден 3-4 есе, қонақ үйде түнеу 2-3 есе қымбаттаған. Айталық, өзге елде демалу құны 800 доллар болса, қысқы мерекелерде шығын мың жарым доллардан асып түседі екен. «Тек көктемде саяхатшылардың қалтасына салмақ түспейді», — дейді мамандар. Себебі, сол кезде шетелде демалу арзанға түседі.

«Шетелге шығатын отандастарымыздың көбі жаңажылдық демалысын жылы жақта қарсы алғанды қалады. Биылғы жылдың өзінде 30 мыңға жуық қазақстандық жыл басын жағажайда қарсы алды. Бірақ, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір аз», — дейді «Туристік қамқор» қорының төрайымы Инна Рей.


Соңғы жаңалықтар