“30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім” - Құралай Анарбекова қыздарға кеңес айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім” - Құралай Анарбекова қыздарға кеңес айтты

“30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім” - Құралай Анарбекова қыздарға кеңес айтты

Отандық танымал актриса Құралай Анарбекова жас аруларға өз әпкелік кеңесін беріп, оларды тұрмысқа шығуға асықпауға шақырды.

  • 11 Тамыз 2022
  • 89
Фото - Caravan.kz

Өнер иесінің сөзінше, бойжеткендер отбасын құрмас бұрын жоғары білім алып, саяхаттап, өз арман-мақсаттарын іске асыру керек, деп жазады Caravan.kz порталы.

Құралай Анарбекова тұрмысқа шығуға қатысты өз ой-пікірін Instagram парақшасында білдірген.

"Қызым болса, 30 жасқа дейін тұрмысқа шығуға рұқсат бермес едім. Менің сөзім мүмкін біреуге бұрыс болып көрінер, бірақ менің пікірімше, қыз бала жоғары білім алғаннан бөлек, ақша табуды үйреніп, саяхаттап, мақсаттары мен армандарының бір бөлігін жүзеге асырып, өмірлік тәжірибе жинап барып қана отбасын құруы керек. Ғашықтық аяқталып, құштарлық басылуы мүмкін. Сондықтан бұл ұшқындардың артында қыздың амбициялары, дұрыс құндылықтары мен ақылды болғаны дұрыс. Сіздер не ойлайсыздар", – деді Анарбекова.

Актрисаның бұл сөздеріне қатысты оқырмандарың пікірі екіге бөлінді. Бірі оны толықтай қолдаса, енді бірі оның айтқанымен келіспейтіндерін жеткізді.


 

https://www.instagram.com/tv/Cg4TNQHg0mi/?igshid=YmMyMTA2M2Y=