"30 жылда мұндайды көрмедік". Ақтөбе облысындағы су басқан ауылда ТЖ жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"30 жылда мұндайды көрмедік". Ақтөбе облысындағы су басқан ауылда ТЖ жарияланды

"30 жылда мұндайды көрмедік". Ақтөбе облысындағы су басқан ауылда ТЖ жарияланды

Ақтөбе облысында аудан орталығы Қобда ауылы тасқынынан зардап шекті, тұрғын үйлер мен ірі әлеуметтік нысандарды су басты.

  • 15 Наурыз 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Ауылда жергілікті төтенше жағдай режимі жарияланды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Өңірдің үш ауданы мен облыс орталығында төтенше жағдай жарияланды. Қырдан аққан қызыл су өзендерді толтырып жатыр. Соның салдарынан дамбылар сыр беріп, бөгетті бұзған су ауылдарға жайылуда. Наурыз басталғалы тасқынмен алысқан өңірге көршілес Маңғыстау мен Атырау облыстарынан адам мен техника тартыла бастады. Батыс Қазақстанға ұшы-қиыры жоқ иен даланы су алып кету үйреншікті жағдай. Бірақ биыл тіпті ерекеше. Облыс орталығынан бөлек, Шыңғырлау, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. 50-ге тарта су басқан үйден 240 адам құтқарылған. Кейбіреуін су құрсауынан алып шығу үшін тікұшақ пайдалануға тура келді. Қалған көпшілігі ошақ қасынан өз күшімен қашып жатыр.

Бөрілі ауданындағы Ақбұлақ ауылы маңында бөгенді су бұзып кетті. Лап берген тасқын Ақсай қаласындағы көшелерді басып қалған. Тіпті әкімдік ғимараты да малмандай су болыпты. Мамандардың мәліметінше, 700-ден аса ірілі-ұсақты мал құрғақ жерге айдалған. Құм салынған 15 мың қап бөгет ретінде төселіпті. Су толассыз сорылып жатыр. Бірақ еріген қар үсті-үстіне келуде. Өңірдегі жолдың 26 жерінен су асып кетті. Әзірге оның 13-ін ғана тоқтатуға қауқары жеткен. Ал кейбір жол учаскесін су өткізу үшін әдейі бұзып жатыр. Өңірдегі жағдай сағат сайын өзгеруде. Жайылған судан Қаратөбе аудана қарасты 9 ауылмен қатынас үзілген. Ал Сырым ауданындағы электрстанцияны су басып, 14 ауылдағы он мыңнан аса тұрғын жарықсыз қалды. Шаған мен Деркөл өзені де тола бастады. Олар арнасынан асса, Жайық өзеніндегі жағдай тіпті қиын болайын деп тұр.

— Саратов, Орынбор облысынан, сол жақтан су келу жөнінде хабарлама келді. Біз ресейлік әріптестермен сөйлесіп отырмыз. Қазір бізде ең қауіпті мәселе Жайық өзеніне келетін. Бізге алдын ала берген мәлімет бойныша, Жайық өзені 78 метрге дейін көтерілу қаупі бар. Жайық көтерілсе, Орал маңындағы саяжайдың барлығы суға кетеді. Сондықтан тұрғындар қажет дүниесі мен құжаттарын сайлап дайын отыр. Ал облыс басшысы қызыл сумен алысуға қауқарымыз жетеді дейді. Ол үшін 1 миллард 800 миллион теңге қаржы бөлінген. Техника мен адам күші көршілес облыстардан да қосылып жатыр. Үйі суда қалады-ау дегендерге баспана да әзірленіп қойдық, деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев,


Соңғы жаңалықтар