30 жылда сұрыптап шығарған "элитамыз" - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30 жылда сұрыптап шығарған "элитамыз"

30 жылда сұрыптап шығарған "элитамыз"

Экс-министрдің соты су тасқынымен тұспа-тұс келгенін көпшілік кездейсоқ емес деп топшылап жатыр. 

  • 8 Сәуiр
  • 19
Фото - Адырна порталы

Тоқаев елдің жартысын су басып жатқанда Қытайда жүрді, кейін су тасқыны бойынша штабтың отырысын өткізіп, Өзбекстанға кетті. Дәл сол уақытта Бишімбаевтың соты басталды. Қазақстанда бұрын соңды ашық өткен сот отырыстарын ешкім көрмеген. Бұл жолы Бишімбаев неліктен барша елге көрсетуге келісе қалды? Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Су астында қалған халыққа қазір бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып көмектесіп жатыр. Көпшілік елді су алып жатқанда, Бишімбаев туралы жазбаңыздар деген өтініш білдіріпті. Зира Наурызбай танымал жазушы, қоғам белсендісі. Фейсбук парақшасында өз аудиториясы бар, дауысы бар адам. 

Былай ойын білдірді: 

«Елді су басқанда Бішімбаевты жазбаңыз деп жатқандарға айтарым. 

Ол жай ғана әйелін өлтірген еркек емес. Жастайынан билікке араласқан, экономика министрі, т.с. болған адам. Болашақ бойынша шетелде оқып, сонымен бір сәтте әкесі ректор болған университетінің де дипломын алған. Министрлікке тағайындалғанда, кейбір журналистер өмірбаянын талдап, пікір айтқанда: ойбай, тимегін, туа біткен данышпан, қазақтың маңдайына біткен біртуар азамат деп жабылып қорғаған кейбір жазармандар. 

Әйелін өлтіргеннен кейін де Козачков сияқтылар: мүмкін емес, өте білімді және саналы адам деп жазған. Басқа адамды адам демейтін, өз балалары байқамай оның жаңа жылдық сыйлығын ашқан үшін жанжал шығарып, мерекелік дастарханды аударған адам. 

Тепкілеген әйелі өліп жатқанда көріпкелге хабарласып ақыл сұраған адам. 

Коррупция үшін 10 жылға сотталып, Назарбаевтың арнайы бұйрығымен мерзімнен ерте босатылған шенеунік. Қазір де сотта прокурордың ауызын жауып, » не перебивайте меня» деп сөйлейтін сотталушы. 

Біздің сондайлар басқарған елдін жағдайы мүшкіл болмау мүмкін емес. 30 жылда сұрыптап шығарған «элитамыз», — Зира Наурызбай.

Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт президенттің үндеуінде саяси шешім де, эмпатия да жоқ екенін айтты.

«Қазіргі саяси режим су тасқынының алдын алмақ түгілі, шарасыз халыққа үміт сыйлайтын жылы сөз, президентке лайық спич айтуға да дайын емес. Бүгінгі үндеуде эмпатия да, нақты саяси шешім де жоқ. Егер президент аймақтарда азаматтар қалай қиналып жатқанын толық сезінсе, эмпатияны оның дауысы мен сөзінен көретін едік. Егер президент саяси шешім ұсынғысы келсе, биліктің децентрализациясы туралы мәлімдеме жасайтын еді»,  — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар