30 жылдан кейін жазықсыз екені дәлелденіп, түрмеден шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30 жылдан кейін жазықсыз екені дәлелденіп, түрмеден шықты

30 жылдан кейін жазықсыз екені дәлелденіп, түрмеден шықты

АҚШ соты 30 жыл түрмеде болған екі америкалықты босатуға қаулы етті.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 384
Фото - Caravan.kz

Себебі, ДНК сараптамасы бойынша, олардың 1983 жылы Солтүстік Каролинада 11 жасар қызды зорлап, өлтірмегені анықталды, деп жазады BBC. 

1983 жылы полиция кәмелеттік жасқа толмаған Генри Макколум мен Леон Браунды 11 жасар қыздың өліміне күдікті ретінде тұтқындаған. Полицейлер айқын айғақ таба алмаса да, кейіннен белгілі болғандай, оларды мәжбүрлеп мойындатқан.

Екеуінің де ақыл-есінде ауытқушылық болған. Олардың жазықсыз сотталғандығын 30 жылдан кейін дәлелдеген ДНК сараптамасы қылмысты басқа адам жасағанын да көрсетті. Ол адам да түрмеде, бірақ, басқа іс бойынша жазасын өтеп жатқан болып шықты, деп жазады шетелдік БАҚ.