Бағдат Күншығаров пен Индира Берниязова биылғы сәуірде ұсталған еді. Олар қала тұрғынын өз компаниясына жұмысқа тұрғызбақшы болған . Бұл қызметін сыбайластар 2 мың долларға бағалапты. Сот оларды бостандықта қалдырғанымен, әрқайсысына пара көлемінен 40 есе артық айыппұл төлеуге міндеттеді. Бұдан былай басшылық қызметте жұмыс істей алмайтын екеудің мойындарына 15 миллион теңгеден қарыз ілінді.