31 арна сүйікті көрерменін жаңа түрік телехикаясымен қайта қуантты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31 арна сүйікті көрерменін жаңа түрік телехикаясымен қайта қуантты

31 арна сүйікті көрерменін жаңа түрік телехикаясымен қайта қуантты

Түріктің ең танымал «Çukur» телесериалы «Чукур » деген атаумен 31арнада көрермендер үшін дүйсенбі - жұма күндері қазақ тілінде ұсынылады.

  • 26 Желтоқсан 2023
  • 4572
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Ыстамбұлдың атымен ерекшеленетін ең ерекше аудандарының бірі — Чукурды Кочовалы әулеті басқарады. Олар барлығын бақылауда ұстайды. Басты принципі – есірткі таратуға тыйым салу. Дегенмен, бұл ережелермен келіспейтін адамдар да бар еді, олардың мақсаты Кочовалы әулетінің ережесін бұзып, билік тізгінін өз қолдарына алу болатын . Есірткі сатушылардың орасан жоспарларын Ыдырыстың кіші ұлы бірі Ямач (Арас Булут) бұзады. Ямачтың келуімен Чукурда жаңа кезең басталады.

Ямачтың өмірінде кейіпкердің шынайы сезімін оятқан Сена (Дилан Чичек Дениз) пайда болғанда жағдай одан сайын шиеленісе түседі. Жастар болашақты бірге армандап, жоспар құрғанымен, олар сәт сайын кедергіге тап болады . Ямач пен Сенаның махаббатын түрлі сынақтар күтеді. Қос ғашық бақытқа үміт артып, махаббаттарын сақтай ала ма? Бірге тамашалайық.

Соңғы жаңалықтар