31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі және Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие.

  • 31 Мамыр 2016
  • 555
Фото - Caravan.kz

Кезінде біздің Республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.

«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.

Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі — 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.


Соңғы жаңалықтар