31 мың адам өрт қауіпсіздігін тексеретін мамандарды үйлеріне кіргізбеген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31 мың адам өрт қауіпсіздігін тексеретін мамандарды үйлеріне кіргізбеген

31 мың адам өрт қауіпсіздігін тексеретін мамандарды үйлеріне кіргізбеген

«Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес тұрғын үй секторындағы өрт жағдайын жақсарту бойынша алдын алу шаралары күшейтілді. Осы жұмысты үйлестіру үшін штабтар құрылды. Сенбі-жексенбі күндері адамдардың көп бөлігі үйінде отырады. Осы себепті өрт қауіпсіздігін алдын алу шаралары бойынша үйлерді тексеру, ұсыныстар беру рейдтік іс-шаралары жүргізілді», - деді Владимир Беккер.

ТЖК төрағасы соңғы 2 апта ішінде ғана жеке тұрғын үй секторында жұмыс істеу үшін Комитеттің, ТЖД, өрт сөндіру қызметтерінің 14511 қызметкері, өрт қауіпсіздігі са?

  • 18 Ақпан 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

ТЖК төрағасы соңғы 2 апта ішінде ғана жеке тұрғын үй секторында жұмыс істеу үшін Комитеттің, ТЖД, өрт сөндіру қызметтерінің 14511 қызметкері, өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсететін өртке қарсы қызметтердің және ұйымдардың 1715 қызметкері мен 2120 волонтер тартылғанын айтты.

«262 мың тұрғын үйдің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пештерді пайдалану және электр жабдықтау кезінде 138 мың өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды. Өкінішке қарй, 31 мың үйдің иесі қызметкерлемізді жылу жүйесі мен электр жабықтау қауіпіздігін алдын ала тексеру жұмыстарын жүргізу үшін үйлеріне кіргізбеді», — дейді ол.

Еске сала кетсек, 4 ақпанда түнде «Сарыарқа» ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй өртенген. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар