31 жастағы келіншек өзін өртеп қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31 жастағы келіншек өзін өртеп қайтыс болды

31 жастағы келіншек өзін өртеп қайтыс болды

31 жастағы Қашқадария облысының Чиракчин ауданы "Чияли" ауылының тұрғыны үйіне және өзіне өрт қойған.

  • 29 Тамыз 2019
  • 77
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің айтуынша, келіншек 26 тамыз күні кешке үш баласын сыртқа шығарып, үйдің ішінде өзіне бензин құйып өртеген. Оның денесінің 90 пайызы күйік шалып, келесі күні ауруханада қаза болған, деп жазды centralasian.org

"Сол уақытта мал айдап келе жатқан қойшылардың бірі үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқап, ішіне кірген. Ол әйел адамның өртеніп жатқанын көріп, үстін көрпемен жауып өшірген", — дейді куәгерлердің бірі.

Оның айтуынша, ауылда құдық не тоған болмағандықтан, өртті дер кезінде сөндіре алмаған. Үй толық өртеніп кеткен.


Чиракчин аудандық прокуратурасы келіншектің өзіне өрт қою фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеру ісі басталғанын мәлімдеді.

Тұрғындардың айтуынша, қаза болған келіншек үйінде нан пісіріп, базарға сатып күнін көріп жүрген. Күйеуі түрлі жұмыстарда жалданып істейді. Өрт шыққан кезде, күйеуі жұмыста болған.

Соңғы жаңалықтар