3,5 мың адам шекті балл жинай алмады: БҒМ ҰБТ-ның алғашқы күнін қорытындылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3,5 мың адам шекті балл жинай алмады: БҒМ ҰБТ-ның алғашқы күнін қорытындылады

3,5 мың адам шекті балл жинай алмады: БҒМ ҰБТ-ның алғашқы күнін қорытындылады

"Тестілеу 6 өңірде орналасқан 39 пунктіде өткізілді. 13 068 адам тест тапсыруға өтініш беріп, оның ішінде 12 772 бала тестілеуге қатысты, бұл 97%-ке тең. Өңірлерге жіберілген 500 мемлекеттік бақылаушы тәртіпті қадағалады. Барлық 309 аудитория бейнебақылаумен жабдықталып, ұялы телефон байланысы өшірілді. Барлық өңірден ҰБТ тапсыру процесін бейнетрансляция арқылы көру мүмкін болды", - деп айтты Тойбаев.

Ол 20 маусымда ұлттық тестілеу орталығының call-центріне ҰБТ өткізу мерзімі, тамызда өтетін тестілеу және ҰБТ нәтижелері туралы 34 қоңырау келіп түскенін айтты.

"Бірінші лек бойынша қатысушылардың 76,5% шектік деңгейден өтті. Ең ж

  • 23 Маусым 2019
  • 28
Фото - Caravan.kz

Ол 20 маусымда ұлттық тестілеу орталығының call-центріне ҰБТ өткізу мерзімі, тамызда өтетін тестілеу және ҰБТ нәтижелері туралы 34 қоңырау келіп түскенін айтты.

"Бірінші лек бойынша қатысушылардың 76,5% шектік деңгейден өтті. Ең жоғары балл — 137 балл. Биылдан бастап әкімдіктерден ҰБТ нәтижесі бойынша рейтинг жасамауды сұрадық. Сол себепті орташа балл мен ең төменгі балл есептеген жоқпыз. Бүгін сағат 13:00 бастап апелляциялық комиссия жұмысын бастады. Жалпы ҰБТ бірінші күні штаттық режимде жақсы өтті", — деді ол.

ҰБТ алғашқы легінде республика бойынша өту ұпайынан асқандар саны — 9 338, ал шекті балл жинай алмағандар саны 3 434 адамды құрады.


Соңғы жаңалықтар