Жарияланды: 220

35 тонна жеміс-жидек пен көкөніс Атыраудан кері қайтарылды

Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдерден әкелінген бұл өнімдердің санитарлық құжаттары жоқ.

«Шеп» бекетінде тоқтатылған тауарлардың дені Ресей, Белорусь, Армения мен Қырғызстанның өнімдері. Ақыры 35 тоннадан астам қияр мен қызанақ, тәтті бұрыш, картоп кері тиелген көліктер елдеріне қайтарылды. Дегенмен аумақтық инспекция мұндай тексерісті бір апта бойы ғана жүргізбек. Бұл мерзім өткен соң тонналаған көкөністер мен жеміс-жидектер елімізге еш құжатсыз, емін-еркін қайта кіре бермек.

Самиғолла Магамедов, көлік жүргізушісі:

-Құжаттарымыздың болуы қажеттігін ешкім ескертпеді. Тіпті шекарадағылар да. Шыны керек, егер ескерткенде, әрине заңсыздыққа жол бермес едік. Енді, амал жоқ, кейін қайтып барамыз. Бұдан кейін арнайы сертификат арқылы жүретін боламыз.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін