“35 жасқа дейінгі еркектерді ғана қабылдаймын” Жезөкшелікпен айына 1,5 миллион тапқан транссекуал ашық сұхбат берді (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“35 жасқа дейінгі еркектерді ғана қабылдаймын” Жезөкшелікпен айына 1,5 миллион тапқан транссекуал ашық сұхбат берді (ВИДЕО)

“35 жасқа дейінгі еркектерді ғана қабылдаймын” Жезөкшелікпен айына 1,5 миллион тапқан транссекуал ашық сұхбат берді (ВИДЕО)

21 жастағы Амилай есімді қызға айналған транссексуал жігіт жезөкшелікпен айына қанша табыс табатынын ашық айтты.

  • 5 Мамыр 2021
  • 34532
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы "Сөйлесейік" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір табысың қайдан келеді?! Немен айналысасың?!

— Салонда маникюр жасаймын. Қазіргі таңда карантин жабылып қалды. Бірақ мен инстаграм арқылы да табыс табамын. Жарнама жасап дегендей.

— Транссексуалдар жезөкшелер дегенге қалай қарайсың?! Және сен айналыстыңба өзің?!

— Иә, рас! Жасырып қайтемін. Айналыстым өзімде. Жарты жылдай. Сол жезөкше болып жүрген жерімнен ұстап алды ғой әке-шешем. Суретке түскенмін артыммен, сол суретті туыстарым тауып алып ата-анама жіберген. Солай мені тауып алған. 6 ай жезөкшелікпен айналыстым, көкірегімді жасатып алғанша. Одан кейін айналысқан жоқпын.

Саған клиент болып келетін адамдар кімдер?!

— Еркектер әрине! Көбіне қыздар да хабарласады. Бірақ мен қыздарды ешқашан қабылдамағанмын. Еркектер 18-60 жас арасында хабарласады. Мен бірақ тек 35 жасқа дейін ғана қабылдайтын едім, одан үлкен болса мен жиіркенемін.

— Айына қанша табыс таптың?!

— Ең аз дегенде айына 1.5 млн теңге табатынмын. Сағатына 20 мың теңге алатын едім. Кейбіреулер бар 4-5 сағатқа алатын, кейбіреулер 1 күнге де алады деген сияқты. Солай айына 1.5 млн жоқ дегенде таптым. Оңай келген ақша не дегенменде оңай кетеді екен. Соны түсіндім. Қазіргі таңда айналыспаймын. Өзімнің демеушілерім бар 1-2 кісі. Соларга керек ақшамды айтамын, олар береді. Мен оларға ләззат сыйлаймын, кейде жәй ғана отырып әңгіме дүкен құрамыз.

 

Соңғы жаңалықтар