36 мың бос орын: Елімізде  білім беру саласындағы мамандарға сұраныс өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.15
  • 550.31
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
36 мың бос орын: Елімізде  білім беру саласындағы мамандарға сұраныс өсті

36 мың бос орын: Елімізде  білім беру саласындағы мамандарға сұраныс өсті

Тапшы мамандар қатарын математика пәнінің мұғалімлері, психолог және әлеуметтік педагогтар толықтырды.

  • 10 Ақпан
  • 11
Фото: ortcom.kz

Қаңтар айында білім беру саласындағы мамандықтарға сұраныс артты. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, электронды еңбек биржасындағы бос жұмыс орындары 5,2%-ға азайған. Дегенмен, білім беру саласында жұмыс күшіне сұраныс сақталуда. Салаға 36,8 мың маман қажет, 11,1 мың адам денсаулық сақтау саласына, тағы 11,5 мың жұмысшы басқа салаларға керек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ең көп бос жұмыс орындарды білім беру (36,8 мың), басқа да қызмет түрлері (11,5 мың) және денсаулық сақтау (11,1 мың) кәсіпорындары орналастырды. Бұл ретте қаңтар айында жоғары білікті кадрларға сұраныс күрт өсті – жұмыс берушілер желтоқсанға қарағанда 16 мың бос орынға көбірек орналастырды. Біліктілігі жоқ жұмысшылардың еңбегіне сұраныс 45,7 мыңнан 18,8 мың бос орынға дейін қысқарып, екі еседен астам төмендеді.

Желтоқсан айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының оң сальдосы 11 өңірде байқалады. Жұмыскерлерге сұраныстың ең көп өсуі Шымкент қаласында (2,6 мың бос орынға немесе +86%), Ақмола (1,5 мыңға немесе +50%) және Батыс Қазақстан (1,5 мыңға немесе +46%) облыстарында тіркелді. Сұраныстың ең көп төмендеуі Түркістан (11,2 мың бос орынға немесе -63%), Ақтөбе (-2,3 мың, немесе -36%) және Жамбыл (-1,7 мың, немесе -30%) облыстарында болды.

Білікті қызметкерлер арасында тәрбиешілер (2,1 мың бос жұмыс орны), автомобиль жүргізушілері және математика мұғалімдері (1,9 мың бос жұмыс орны) сұранысқа ие болды. Әлеуметтік қызметкер (+1,1 мың бос жұмыс орны) және білім берудегі әлеуметтік педагог (+625 бос жұмыс орны) сияқты мамандықтарға сұраныс артты.

Тапшы мамандар қатарын математика пәнінің мұғалімдері толықтырды, олар жалпы 529 түйіндеме орналастырды, сондай-ақ әлеуметтік педагогтар (173 түйіндеме) мен мектеп психологтары да (262 түйіндемемен 1 мың бос жұмыс орны) тапшы мамандар қатарынан көрінді.

Осылайша, қаңтар айында ЭЕБ-да бос орындардың азаюы кезінде түйіндемелер санының айтарлықтай өсуі байқалды. Бұл жыл басында жұмыс берушілер жалдау процесін әлі күшейтпегендіктен болуы мүмкін, ал көптеген жұмыс іздеушілер, керісінше, қаңтардан бастап жаңа жұмыс іздей бастайды. Көптеген мамандықтар бойынша түйіндеменің профицитіне қарамастан, кейбір лауазымдарда кадрлар тапшылығы болды.