"380 теңгеден асты" Министр доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"380 теңгеден асты" Министр доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

"380 теңгеден асты" Министр доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

Ұлттық банктің ресми сайтында доллар бағамы 380,44 теңгені көрсетіп тұр.

  • 29 Желтоқсан 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов доллар бағамының неге шарықтап жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды  тілшісі.

Сүлейменовтің айтуынша, АҚШ саясатының өзі америкалық юрисдикция мен құнды қағаздарының инвестициялық тартымдылығының күшеюіне ықпалын тигізеді. Бұл, тиісінше, доллар мен төлем балансына әсер етеді.

"Долларға ықпалын тигізетіндіктен, ол өседі де, ал қалған валюталар құлдырайды", — деді министр үкімет кулуарында. 

Теңгенің күн өткен сайын құнсыздануына екінші себеп – әлі тұрақтамай тұрған мұнай бағасы. 

"Қара алтын" құны бірде жоғарылап, бірде төмендеп тұр. Тиісінше, бұл теңге бағамына әсер етпей қоймайды", — деді ол. 


Журналистер министрден доллар бағамы 400 теңгеге жете ме деп сұрады. 

"Ең дұрысы, мұны Ұлттық банктен сұрау. Бізде келесі жылға арналған  әлеуметтік-экономикалық даму болжамында доллар бағамы 370 теңге деңгейінде көрсетілген", — деді Сүлейменов.

Айта кетсек, қазір Ұлттық банктің ресми сайтында доллар бағамы 380,44 теңгені көрсетіп тұр. Ал Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессия бойынша доллардың орташа сараланған бағамы – 383,46 теңге.

Соңғы жаңалықтар