"4 мамырдан бастап сұлулық салондары жұмыс істейді". Алматы әкімдігі хабарламаға қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"4 мамырдан бастап сұлулық салондары жұмыс істейді". Алматы әкімдігі хабарламаға қатысты пікір білдірді

"4 мамырдан бастап сұлулық салондары жұмыс істейді". Алматы әкімдігі хабарламаға қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігінің өкілдері WhatsApp-та 4 мамырдан бастап кейбір кәсіпорындардың жұмыс істейтіні туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді.

  • 29 Сәуiр 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады. 

Желіде бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің мамырдан бастап жұмысқа кірісетіні көрсетілген жазба пайда болды.

Жарияланған хабарламада 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қазақстанның тоғыз облысында бірнеше кәсіпорынның, соның ішінде сұлулық салондарының ашылатыны көрсетілген.

Сондай-ақ, әр облыста 6-11 мамыр аралығында қандай нысандар жұмысын бастайтыны айтылады.


Алайда Алматы әкімдігінің өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл фейк", — деді Алматы әкімдігінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар