40 мыңнан астам қазақстандық салық амнистиясын қолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
40 мыңнан астам қазақстандық салық амнистиясын қолданды

40 мыңнан астам қазақстандық салық амнистиясын қолданды

Жыл басынан бері 40 мыңнан астам қазақстандық салық амнистиясына ілікті.

  • 26 Шiлде 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит департаментінің директоры Жандос Дүйсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«2019 жылдың ақпан айынан бастап еліміздегі шағын және орта кәсіпке салық амнистиясы жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша Қазақстанда 90 мың салық төлеуші амнистияға ілініп, ол 210 млрд теңгені құрады. Бүгінгі күнгі нәтиже бойынша 40 212 салық төлеуші амнистияны қолданды, бұл салық төлеушілердің 44,6% құрап отыр», — деді Ж.Дүйсенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз қызметінде.

Оның мәлімдеуінше, аталған 40 мыңнан астам амнистияға іліккен салық төлеушіден мемлекет қазынасына 7,7 млрд теңге түсті.


Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев елімізде салық бойынша берешегі көп аймақтарды атаған болатын.