40 шақты турист мінген. Алматы облысында автобус аударылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
40 шақты турист мінген. Алматы облысында автобус аударылып қалды

40 шақты турист мінген. Алматы облысында автобус аударылып қалды

Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады.

  • 27 Мамыр
  • 11
Фото - Caravan.kz

Зардап шеккендер бар. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Адырна”-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 27 мамыр сағат 10:20-да Кеген және Еңбекшіқазақ ауданының шекаралас аумағында болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, автобус ҚазАвтоЖол желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 турист болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді»,-деп хабарлады әкімдіктен.

Қаза тапқандар жоқ.

«Жол апатының себебі әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында»,- деп атап өтті әкімдік.